Астана халықаралық әуежайында көктемге дейін қозғалыс шектеледі

208

Себебі, әуежайдың көліктік қолжетімділігін арттырып, әуе көлігі мен жеңіл рельсті көлік (LRT) арасындағы ыңғайлы ауысуды қамтамасыз етететін құрылыс басталды.       

Астана халықаралық әуежайында көктемге дейін қозғалыс шектеледі Фото: t.me/nqzairport

21 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайы аумағында Т2 жолаушылар терминалы мен LRT "Әуежай" станциясын жалғайтын өтпелі галереяның құрылысы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты Т2 терминалы маңындағы көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгерді.

Құрылыс кезеңінде:

  • Жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметінің өтуі терминалдың шатырлы бөлігі арқылы жүзеге асырылады;
  • CIP санатындағы жолаушылар қоғамдық көлік бағытын пайдаланады;
  • Қызметтік көлік, автобустар, таксилер және жеке автокөліктердің қозғалысы құрылыс алаңының қоршауына байланысты ұйымдастырылады.

Жұмыстарды 2026 жылғы 30 сәуірге дейін аяқтау жоспарланған. Өзгерістер құрылыс толық аяқталғанға дейін қолданыста болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу