Астана халықаралық әуежайы араб компаниясынан қала балансына өтті

163

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Астана халықаралық әуежайы араб компаниясынан қала балансына өтті Фото: Астана әкімдігі

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті.

2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу