– 2025 жылғы 2 тамызда сағат 02:00–ден 06:00–ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетінін хабарлаймыз. Бұл жұмыстар цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған, – деп ескертті халықаралық әуежай.
Көрсетілген уақыт аралығында келесі мемлекеттік электрондық қызметтерге уақытша қолжетімділік шектеледі:
• eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" қызметін қоса алғанда);
• e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
• ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сервистері;
• Екінші деңгейлі банктердің және басқа да біріктірілген жүйелердің мемлекеттік қызметтерге арналған мобильді қосымшалары.
– Мемлекеттік қызметтер порталдарында қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды; Тұлғаны куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз, – деп ескертті әуежайдың баспасөз қызметі.