Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

457

Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін өтеді. 

Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда Фото: Inbusiness.kz

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды.

Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет.

Айта кетейік, өткен жылдарды талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді.

Сондықтан бұл жөндеу үшін ең қолайлы кезең.

Сонымен, жөндеу жоспары бойынша ҰҚЖ-ның жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады.

Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу