Астана Халықаралық қар күнін атап өтеді

757

Астана Халықаралық қар күнін атап өтеді

15 қаңтарда сағат 11:00-де елорда саябағының шаңғы-роллерлік трассасында Халықаралық қар күні өтеді.

Жарыстарға елорданың ниет білдірген тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Шара Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі Дирекциясының және бизнес-құрылымдар қатарынан ресми әріптестердің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бағдарламада қатысушылардың шеруі, балалар спринті, және түрлі қашықтықтарға жүгірулер жоспарланған. Жарыстардың кішкентай қатысушылары үшін Snow Park  балаларға арналған жарыстар мен байқаулар аймағы ұйымдастырылады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер барлық жас топтарында қашықтықтар бойынша жеке нәтижелеріне қарап анықталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу