Жыл соңына дейін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа толық жұмыс істейді

146

Үкімет пен инвесторлардың өзара қарым-қатынасын цифрландыру аясы кеңейіп келеді. 

Жыл соңына дейін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа толық жұмыс істейді Фото: Ақорда

Президент өз сөзінде инвесторлар құқығын қорғау және реттеушілік саясатты дамыту мәселелеріне ерекше мән берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы сот және құқық жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңғыртулар қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар Үкімет пен инвесторлардың өзара қарым-қатынасын цифрландыру аясы кеңейіп келеді. Жыл соңына дейін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа толық жұмыс істегенде, жобалардың жүзеге асырылу барысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік туады.

Жаңа Салық кодексі машиналар, құрал-жабдықтар және бағдарламалық жасақтамалар сатып алуға жұмсалған шығындарды шегеретін салық преференцияларын бекіту арқылы инвестициялық кезеңді жандандырады.

Еліміз қаржы секторындағы ынтымақтастық аясында "Астана" халықаралық қаржы орталығының  қызметіне ерекше мән береді. АХҚО – әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының озық тәжірибесін меңгерген Орталық Азия өңіріндегі бірегей мекеме.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға, жаңа бастамалар мен нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты жалғастырудың маңызына назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу