Астана халықаралық қаржы орталығы жарты жылда 2,6 млрд доллар инвестиция тартқан

152

Орталықтың ресми мәліметінше, қаңтар–маусым айлары аралығында АХҚО-ға 567 жаңа компания қосылған. 

Астана халықаралық қаржы орталығы жарты жылда 2,6 млрд доллар инвестиция тартқан Фото: authority.aifc.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартып, 500-ден астам жаңа компанияны тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

 Оның ішінде:

  • 4 финтех-компания,

  • 5 қызмет көрсетуші (ASP) компания,

  • 7 қаржылық лицензиясы бар ұйым тіркелген.

Қазіргі уақытта АХҚО-да 85 елден келген 4030 компания жұмыс істейді.

– АХҚО экожүйесі арқылы жарты жылда ел экономикасына 2,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Ал орталық құрылғаннан бергі инвестиция көлемі 16,9 млрд доллардан асты. 2025 жылдың алғашқы алты айында АХҚО-да тіркелген компаниялар мемлекет бюджетіне 70 млрд теңгеден астам салық төледі, – деді орталықтың басқарушысы Ренат Бектұров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу