Астана халықаралық туристік орталыққа айналады

923

Астана халықаралық туристік орталыққа айналады

Астана қаласы мәслихатының депутаттары елорда аумағындағы туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен үйлестіру мәселесін қарады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары Канат Исабеков өз баяндамасында қатысушыларға Астананың Берлин, Мәскеу, Тбилиси, Сужоу, Алматы қалаларында өткен халықаралық және отандық туристік көрмелерге қатысқаны туралы жеткізді. Осындай таныстыру маршруттарын жүргізудің басты мақсаты "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне турис  ағымын тарту тәжірибесін зерттеу және Астана қаласының туристік орталық ретінде имиджін дамыту болып табылады.

"2016 жылы маусым-желтоқсан айларында Астана қаласында шекараға жақын ресейлік қалалар Қазан, Челябі, Новосібір, Свердловск, Алтай, Омбы, Қорған қалаларының БАҚ өкілдері, блогерлер мен жетекші туристік операторларына арналған 8 ақпараттық тур ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы шекара маңындағы қалалардың, бауырлас қалалардың БАҚ өкілдері, блогерлер мен жетекші туристік операторларына арналған 10 ақпараттық тур ұйымдастыру жоспарланған", - дейді Қанат Исабеков.

Оның сөзінше, ақпараттық тур шеңберінде шетелдік туристерді қабылдауға жұмыс жасайтын отандық туроператорлардың қатысуымен Workshop форматында дөңгелек үстел өткізіліп, оның қорытындысы бойынша Туризм саласындағы серіктестік туралы меморандум мен екі мемлекеттің туристік операторлары арасындағы келісімшарт жасалды. Бірыңғай туристік жинақты дамыту мақсатында Бюро Ақмола облысымен тығыз серіктестікте жұмыс жасап отыр, "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу шеңберінде қала қонақтарына ұсынылатын бірлескен маршруттар келісілген. Сонымен қатар, Бюро ICCA - Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының тәжірибесі бойынша Халықаралық конгресстер мен конференциялар ассоциациясына мүше болды, бұл қалада әр түрлі бағыттар бойынша ірі шаралар өткізуге және жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса Астана қаласына Конгресс-көрме шараларын тарту бойынша жұмыс жүргізіліп отыр, - деді Қанат Исабеков.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу