Astana Hub 5 елдің жетекші технопарктерімен меморандумға қол қойды

1266

Тараптар инвестициялық мәдениетті дамытуды танымал етуге және өңір мен әлемдік индустрия үшін өзекті міндеттерді шешуге бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Astana Hub 5 елдің жетекші технопарктерімен меморандумға қол қойды

"Road show Astana Hub" бағдарламасының бірінші ағымының қорытындысы бойынша IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Сингапурдың, Украинаның, Ресейдің, Ұлыбританияның және Қытайдың жетекші технопарктерімен және инновациялық компанияларымен 9 меморандумға қол қойды.

Тараптар инвестициялық мәдениетті дамытуды танымал етуге және өңір мен әлемдік индустрия үшін өзекті міндеттерді шешуге бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр: бірлескен акселерациялық және инкубациялық бағдарламаларға, белгілі бір салаларда стартаптар мен сарапшыларды алмасу бағдарламаларына қатысу және өткізу.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама  аясында бірінші лек қатысушылары Киевте iForum, Сингапурда Echelon Asia Summit, Мәскеуде Startup Village, Минскіде EMERGE және Шанхайда Mobile World Congress көрмелерінде болды.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаның екінші легін іске қосу биылғы жылдың төртінші тоқсанына белгіленді. Конкурстық комиссия келесі салаларда 9 стартап-жобаны іріктеп алды, олардың ішінде: киберқауіпсіздік, биотехнология, Smart City, қаржы технологиялары, көлік және логистика, толықтырылған шындық және онлайн дүкен – маркетплейс бағыттарын дамыту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу