ҚР қорғаныс министрлігі "Astana Hub" ІТ – стартап халықаралық технопарк алаңында "Цифрлық армия" күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Оның ашылуы премьер-министрдің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өтті.
"Цифрлық армия" күні барысында отандық операциялық жүйе мен дерекқор жүйесін, ұшқышсыз жүйелер мен тренажерларды, автономды режимде әртүрлі дереккөздерден ауқымды деректерді жинауды, талдауды және алынған ақпарат негізінде ахуалды модельдеуді, сондай-ақ қабылданған шешімдерді әрі қарай іске асыруға қабілетті "ақылды" өзін-өзі оқыту бағдарламалық-аппараттық кешендерді құру жөнінде 40 ұлттық IT-компанияның презентациясы өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қорғаныс министрлігі, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі, "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасы және Қазақстан ІТ – компаниялары ассоциациясы арасында бес жақты меморандумға қол қойылды.