Astana Hub ашылғаннан бері АT-стартаптарға 29 миллиард теңге инвестиция тартылған

1095

Технопаркте CISCO, IBM, Huawei, Intellisense сияқты компаниялардың 16 R&D-орталығы ашылған.

Astana Hub ашылғаннан бері АT-стартаптарға 29 миллиард теңге инвестиция тартылған

Бүгін үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 2018 жылы Astana Hub халықаралық технопаркі ашылған сәттен бері АT-стартаптарға жалпы көлемі 29 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылғанын жеткізді. 

Бүгінгі күні технопарк 100%-ға толық, 260-тан астам жоба, яғни 1000-нан астам адам инкубация және акселерация бағдарламаларынан өткен.

Министр стартаптарды әрі қарай зерттеу және білім беру жағынан қолдау көрсету үшін технопаркте CISCO, IBM, Huawei, Intellisense сияқты компаниялардың 16 R&D-орталығы ашылғанын айтты.

Бұл орталықтарда кеңес беру, техникалық сараптама жүргізу, арнайы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер қолжетімді. Жаңашыл қызметкерлер үшін тұрақты негізде білім беру іс-шаралары өткізіліп тұрады. Ұйымдастырылған 122 кездесуге 2500-ге жуық тыңдаушы қатысыпты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі таңда жергілікті биліктің қолдауымен еліміздің аймақтарында АТ-хабтар ашылып жатқанын айтты. 

Astana Hub Халықаралық технологиялық паркінің бас директоры Джозеф Циглер Astana Hub ашылған сәттен бері start-up экожүйелер салуда белгілі бір табысқа қол жеткізілгенін атап өтті. Өткен жылы Astana Hub базасында 500-ден астам іс-шара өткізілген, оларға 20 000 адам келген еліміздегі №1 АТ-орталық болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу