"Astana hub" резиденттерінің экспорты жыл соңында 200 млн долларға жетеді деп күтілуде

616

Astana hub технопаркінде  "Жаңа жағдайда бизнесті дамыту стратегиялары" атты ашық талқылау өтті.

"Astana hub" резиденттерінің экспорты жыл соңында 200 млн долларға жетеді деп күтілуде Фото: inbusiness.kz

Шарада сөз сөйлеген Astana hub Бас директор Мағжан Мәдиев  "Astana hub" алаңы бүгінде  қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Мұнда тіркелген  IT компаниялар резиденті,  жыл соңында мыңға жетеді деп күтіліп отыр. Жыл басында 600 компания болған, жыл ішінде компаниялар саны 2 есеге өсті", - деді Мағжан Мәдиев. 

Оның айтуынша компаниялардың қарқыны ұлғая береді және сонымен бірге олардың табысы да арта түспек. 

"Резиденттер арасында қызмет экспортының үлесі де ұлғайып келеді. Жыл соңында барлық резиденттеріміздің экспорттан түскен түсімі 200 млн доллар болады деп күтілуде",  деді Мағжан Мәдиев. 

Оның айтуынша корпоративті инновациялар саласында да өсім қарқыны артады деп болжанып отыр.

"Бұл салада бюрократия көп, құрылымның өзі ауқымды, ауыр болғанымен, бұл – болашағы бар сала", дейді Мағжан Мәдиев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу