Astana Hub Tech Orda бағдарламасын іске қосты

1460

2025 жылға дейін 20 мыңға жуық студент мемлекет есебінен IT-мамандықтар бойынша білім алады.

Astana Hub Tech Orda бағдарламасын іске қосты

Astana Hub 100 мың IT-маман даярлау бойынша тапсырма шеңберінде Tech Orda бағдарламасы әзірленді. Бұл мемлекет пен технопарктің жеке бағдарламалау мектептерін қаржылық қолдау аясындағы жоба. Студенттердің әрқайсысы IT-дағдыларды алу үшін 600 000 теңге көлемінде қаржылық қолдау алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, бағдарламаға кез келген адам қатыса алады.  

"Бұл жоба барлық бағдарламалау мектептері үшін, барлық студенттер үшін қолжетімді. Сондықтан қатысуға ниеттілерді шақырамыз. Келесі жылдан бастап бағдарлама кеңейтіледі. Үкіметтің қолдауымен 2025 жылға дейін 20 мың студентке қолдау көрсету жоспарланған. Біздің бизнес-жобамыз, инкубация, акселерация бағдарламаларымыз бар. Мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілді. Бұл бағдарламаның көптеген түлектерін қазақстандықтар күнделікті өмірде кездестіреді. Мәселен, автокөлік паркінде, балаларды online оқытқанда, апартамент жалға алғанда, пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жүктілікті бақылау, балалардың қауіпсіздігін қадағалау сервистерін пайдаланғанда – бұл отандық және шетелдік нарықтарда белсенді дамып келе жатқан түлектеріміздің өнімдері", – деді спикер әріптестерінің жетістіктеріне тоқтала отырып.  

Айта кетейік, Astana Hub алаңында мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары бар, соның ішінде жеңілдетілген салық режимі. Салықтық жеңілдіктердің арқасында технопарк қатысушылары 15 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдеп, оларды одан әрі жұмыс орындарын ашып, жалақы төлеу қызметтеріне қайта инвестициялады. Бизнесті дамыту үшін қатысушылар 48 млрд теңге тартты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу