Астана Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды

97

Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан.

Астана Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды Фото: © prima91/stock.adobe.com

Астанада 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсыну сылтауымен азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда алған міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын, залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу