"Astana International Exchange" басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

901

"Astana International Exchange" ("AIX") басқармасының төрағасы қызметіне Ренат Бектұров тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

"Astana International Exchange" басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

"AIX" директорлар кеңесі қазіргі қаржы директоры Ренат Бектұровты Astana International Exchange басқармасының төрағасы (СЕО) қызметіне тайындады", деп жазылды компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл шешімді акционерлер мен реттеуші органдар мақұлдаған жағдайда жаңа басшы 24 мамырдан бастап қызметіне кіреседі. 

"Ренат Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 2016 жылдан, ал AIX қаржы директоры қызметін 2017 жылдан бастап атқарды.  Ол – биржада жұмыс атқарған уақытта өзінің көшбасшылық қабілетін толық көрсетті. Біз Ренат Бектұровпен биржаны дамытуға өз үлесін қосады
деген үміттеміз", - деді AIX Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Құсайынов.

Айта кетейік, AIX басқармасының бұрынғы төрағасы Тим Беннет 3 жылға сайланған болатын. Енді ол "AIX-тің" және АХҚО-ның капитал нарықтарын дамыту жөніндегі аға кеңесшісі болады.

Айта кетейік, "AIX" АХҚО дамыту аясында 2017 жылы құрылған. Биржа ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейді. Компания Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржы көзін тарту үшін белсенді капитал нарығын дамытуды көздейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу