Астана әкімі Әсет Исекешев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ахмад Иннаб мырзамен кездесті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында тараптар Астана мен Иордания арасында сауда-экономикалық және гуманитарлық ықпалдастықтың бірізді дамуының маңыздылығын атап көрсетті.
"Біз Астана мен Иордания іскер топтарының арасындағы байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге мүдделіміз және өзара тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп мәлім етті елорда әкімі.
Тараптар іскерлік ынтымақтастық үшін ең перспективалық салалар ретінде ауыл шаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін, фармацевтика және туризм салаларын атады.
Өз кезегінде, Ахмад Иннаб мырза Иорданияның ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайын екенін жеткізді.
"Біз бөлінген павильонмен таныстық, өте ұнады. Жақында ресми құжатқа қол қойылады, содан соң Иордания павильонын толтырумен айналысатын топ келеді", – деді Елші.
Осы орайда тараптар ЭКСПО-2017 шеңберінде бірлескен ресми және мәдени шараларды өткізу және Астана мен Алматы бауырлас қалалардың аймақаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.