Астана іргесіндегі ірі елді мекенде төтенше жағдай жарияланды

1109

Астана іргесіндегі ірі елді мекенде төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметі бойынша Жібек жолы ауылындағы "Безымянная" бөгеті шлюзінің апатты жағдайына байланысты аудан әкімі Азамат Тайжановтың шешімімен аудан аумағында төтенше жағдай жарияланды. Аталған бөгеттің гидротехникалық құрылысындағы бетон және шлюздердің бұзылуынан гидродинамикалық апат қаупі туындаған.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбеков пен  орынбасары Жанболат Смайылов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі М.Кульдиков, Ақмола облысы бойынша ТЖД басшысы Алексей Советов  аталған бөгеттің барлық учаскелері зерттеліп, төтенше жағдайға жол бермеу жолдарын қарастырды. Төтенше жағдай орын ала қалған кезде жергілікті атқарушы органдар тарапынан іске асырылатын  шұғыл әрекеттері сараланды.

Сонымен қатар, ТЖД басшысының 17.02.2017  жылғы №27 бұйрығына сәйкес департамент бөлімшелері мен құрамы жоғары деңгейдегі дайындыққа көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу