Астана іргесіндегі өрт әлі толық сөнген жоқ

709

Тек оқшауланды. 

Астана іргесіндегі өрт әлі толық сөнген жоқ Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан соңғы ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын 80 гектар аумақты шарпыған. Жанған қамыс пен құрғақ шөпті сөндіруге 143 өрт сөндіруші мен 21 техника жұмылдырылды. 

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органның тракторлары мен көмекке жіберген қызметкерлері бар. Ең бастысы Қорғаныс министрлігінің 2 тікұшағы атсалысып жатыр. Олар әуеден 150 тоннадан астам су шашқан. Әлеуметтік желіде "тікұшақтар өрт сөндіретін суды Үлкен Талдыкөлден алды" - деп сынаған жазбалар пайда болды. 

Өйткені, қазір қала әкімдігі, тұрғындардың қарсылығына қарамастан Кіші Талдыкөлді суалтып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу