Астанаға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған қазақстандық ұсталды

172

Күдіктілер қамауға алынды.

Астанаға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған қазақстандық ұсталды Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есірткі тасымалдау кезінде "наркокурьер" ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді.

Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген.

"Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу