Одан бөлек IT университет биыл екінші рет бакалавр бағдарламасының түлектерін шығарып салды. Мыңнан аса студент TS, DJ, Bigdata мамандықтары бойынша оқуын тәмамдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Диплом тапсыру рәсімінде AITU ректорының м.а. Серік Өмірбаев түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, құттықтады. Ол университеттің IT индустрия саласындағы отандық және халықаралық компаниялармен бірлесе қызмет жасайтынын, студенттердің Huawei, Microsoft, Kaspersky, CISCO, Lenovo, HP және басқа да серіктестер базасында тәжірибеден өткендігін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу