Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетекші құзыреттіліктер орталығы – Astana IT University өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол 2019 жылы "NNEF" Қоғамдық қоры аясында құрылды және бүгінде студенттерге қарқынды даму үстіндегі IT әлемінде табысты мансапқа жету үшін қажетті басты құзыреттіліктер ұсынуда, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
ЖОО Президенттің 100 мыңнан аса жоғары дәрежелі IT саласы мамандарын даярлау туралы тапсырмасын іске асыруға өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда университет жаһандық цифрлық экономикада сұранысқа ие 23 бағдарлама бойынша бакалаврлар, магистрлер және PhD докторларын дайындайды. Бұл бағдарламалардың барлығы жетекші шетелдік университеттермен және IT-нарықтың жұмыс берушілерімен бірлесе әзірленген және Қазақстанда ғана емес, шетелде де аккредиттелген.
3 жыл бұрын орта буын IT-мамандары мен жұмысшы біліктілігі бойынша білім беретін колледж ашылды. Биыл алғашқы 89 студент-түлек ұшырылады. Бұл жоғары сапа мен әлемдік мойындау негізінде үздіксіз білім беруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
5 жыл ішінде студенттер саны 600-ден 6000 адамға дейін 10 есе өсті.
"Бұл 5 мыңға жуық бакалавриат студенттері, 400-ден астам магистранттар мен докторанттар және IT колледжінің 550-ден астам студенттері. Олардың қатарында Ауғанстан, Бангладеш, Қытай, Моңғолия, Нигерия, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украинадан 70 шетелдік студент бар", - деді AITU ректорының м.а. Серік Өмірбаев.
AITU мерейтойы университет үшін ғана емес, Қазақстанның барлық жоғары білім беру жүйесі үшін ерекше мәнге ие. ЖОО осындай қысқа мерзім ішінде жоғары білікті IT-мамандарды даярлауда елеулі табыстарға қол жеткізді, ел экономикасын цифрландыруға өз үлесін қосты және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында танылған көшбасшыға айналды. Осы мерейтой Қазақстанның цифрлық трансформациясы үшін кадр даярлау жөніндегі мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асырудағы AITU еңбегі мойындалуының белгісі іспеттес.
Университеттің оқу процесі теорияның практикамен үйлесімінде құрылған. Қос тарапты оқыту жүзеге асырылуда, Cisco, Huawei, Kaspersky, Apple, Samsung және өзге де мекемелердің халықаралық IT-вендорларымен ынтымақтастық орнатылды. Студенттер сертификаттаудан сәтті өтуде, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, халықаралық деңгейдегі мамандарға айналдырады.
Профессорлық-оқытушылық құрам Қазақстан, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Үндістан және Ресейден шыққан 365 танымал ғалым мен практик-мамандардан тұрады. Олардың ішінде 10 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты, 51 PhD докторы және 200 магистр бар.
AITU студенттері – бұл бағдарламалауда да, ғылымда да, шығармашылықта да, спортта да дарынды жас ақыл-ой шоғыры. Олар отандық және халықаралық IT-жарыстарға, конкурстарға, хакатондар мен олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атануда. Бұған айғақ – студенттердің CTF, ICPC, Blockchain Hack, Samsung Innovation Campus Hackathon және өзге де жарыстардағы жүлделі орындары.
Оқытушылар мен студенттер өнеркәсіпті цифрландыру, блокчейн, Big Data, 5G, ақылды қалалар бағыттарында да ғылыми зерттеулер жүргізуде. Бес жыл ішінде Scopus және Web of Science дерекқорларында 300-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.
AITU-жаңа Жібек жолы университеттері Альянсының (UASR), Еуропа университеттері қауымдастығының (European University Association) және "University Alliance Of Science and Technology" альянсының тең құқылы мүшесі.
Академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары студенттер мен оқытушыларға тәжірибе алмасуға және бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде 50 шетелдік серіктес бар: University of Cassino (Италия), Boston University Metropolitan College (АҚШ), Kyungpook National University (Оңтүстік Корея) және басқалар.
2022 жылдан бастап бакалаврлар мен магистрлердің 2 түлектер тобы ұшырылды, олардың 95%-ы жетекші отандық және шетелдік IT-компанияларға сәтті жұмысқа орналасты. AITU түлегінің бренді – бұл зерттеулерде, жарыстарда және тәжірибеде бекітілген үздіксіз кәсіби даму.
ЖОО-да оқыту мен жұмыс істеу үшін заманауи жағдайлар жасалған. Бұл ретте университет құрылтайшысы – "NNEF" Қорының қолдауы жүзеге асырылуда. AITU материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, жаңа кампус құрылысы жоспарланған. Зертханалар мен зерттеу орталықтары табысты жұмыс істеуде.
"Университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушыларының атынан оқу мен жұмыс үшін үздік жағдай туғызғаны үшін университет құрылтайшылары мен негізін қалаушылар Тимур Асқарұлы Құлыбаев пен Динара Нұрсұлтанқызына, сондай-ақ "NNEF" Қоғамдық қорына терең алғысымды білдіремін", - деді ректордың м.а.
"AITU, 5 жыл ішінде дарынды жас қазақстандықтар үшін тартымды орталыққа, IT саласындағы зияткерлік кластерге айналды. Ашылғаннан бері студенттер саны 10 есе өсті. Бес жыл ішінде шетелдік серіктес- жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі 50-ден астам шарт жасалды. Осының арқасында біздің студенттер шетелге академиялық ұтқырлық бойынша бара алады, оқытушылар тағылымдамадан өтеді, қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізілуде және әлемдік танымал университеттер оқытушылары жұмысқа тартылуда", - деп құттықтады AITU-ді мерейтойымен ЖОО құрылтайшылары мен негізін қалаушылар – Динара және Тимур Құлыбаевтар.
Бес жылдық қызметі ішінде AITU білім және ғылым саласында айтарлықтай жетістіктерге жете отырып, Қазақстанның жетекші IT-университетіне айналды.
"Алдымызда бұдан да көп табыстар мен жетістіктер болатынына сенімдіміз", - деп тұжырымдады ректор міндетін атқарушы.