Astana IT University: Іш киім көрінбеуге тиіс

1336

Мұндағы оқытушылар қыста жұмысқа екінші аяқ киім алып келуі шарт, ал қыздарға көп боянуға болмайды.

Astana IT University: Іш киім көрінбеуге тиіс

Astana IT University-дегі студенттер мен қызметкерлерге қойылған киім талабы желі қолданушыларының таңданысын тудырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Михаил Казачков Telegram каналында былай деп жазды: "Astana IT University-де Солтүстік Кореяның филиалы ашылды және студенттер мен қызметкерлер қалай киінбеу керегі нақты жазылған. Бір таңданарлығы, ережелерде ректорды көргенде бақыттан көзіне жас алып, тізерлеп құлдық ұру керек деп жазылмапты".

Журналист жариялаған құжат "Норма внешнего вида сотрудника и обучающихся в зданиях AITU" деп аталады. Онда студенттер мен қызметкерлер қатаң талап қойылғанын байқауға болады:

8. Әйел жынысты AITU қызметкерлері мен білім алушылары күндізгі макияжды пайдалануы қажет.

9. AITU қызметкерлері мен білім алушылары тек жеңіл иісті парфюмерияны пайдалануы тиіс.

10. Әшекейлердің мөлшері үлкен болмауға тиіс.

11. AITU қызметкерлері мен студенттердің киімдері таза және үтіктелген болуға тиіс.

12. Іш киім көрінбеуге тиіс.

13. AITU ғимараттарында ашық, спорттық стильде, оның ішінде ұзындығы 50 см-ден кем юбка, декольте киіммен, топикпен, иығы немесе іші көретінен киімге келуге жол берілмейді.

17. AITU қызметкерлері мен білім алушыларға өкшесі 8 см-ден аспайтын туфли киюге жол берілмейді.

18. Қыста AITU қызметкерлері офиске екінші аяқ-киім алып келуі керек, жұмыста етікпен жүруге болмайды. 

19. Әйел жынысты AITU қызметкерлері мен білім алушылары сұр немесе қара түсті колготкиге (шұлыққа) басымдық беруі тиіс.

Университеттің қызметкерлер мен студенттерге қойға талабы желі қолданушыларының пікірін екіге жарды, бірі қолдаса, екінші бұл талаптардың ақылға қонымсыз екенін айтады.

"Кімнің қалай киінгені маңызды ма? Менің ойымша, олар 
универ қандай болуы керек, қандай көрсеткіштер көрсетуі қажет дегенді метрикада жазып көрсеткені жақсы еді", – деді Диас. 

River leads deep into the Fjord есімді қолданушы "макияж жасап, колготки киюге тек әйелдерге тыйым салыныпты" деп күрсінді.
Бұл пікірді Данияр Оспанов қолдады: "Артық кеткен сияқты". 

"Мұндайды бірінші рет көріп отырмын. Ұлым осы университеттің үшінші курсында оқиды. Қалай киінгісі келсе де өзі біледі", – деп жазды 29227 есімді қолданушы таңданысын жасыра алмай.

Алайда аталған мекеменің бұл талабын университеттің ресми сайтынан таба алмадық.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу