Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" қаулысы және Астана қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде конкурстық комиссия Астана қаласының жергілікті бюджет қаражатынан жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау үшін үміткерлер тізімін қарады.
Комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысын алған, жоғары оқу орындарының өтінімдеріне сай ұсынылған тізімді қарады.
Білім беру гранттары қағиданың 3-тарауына сай тағайындалды.
Астана қаласы әкімдігі бөлген грант иегерлерінің есімдері astana.gov.kz сайтында көрсетілген.