Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

542

Бұл қызметке Ерсін Өтебаев келді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Ерсін Өтебаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Е.Өтебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған Нұрлан Солтамбековтің орнына келді.

45 жастағы Ерсін Өтебаевтың мемлекеттік қызметтегі өтілі 11 жылдан асады. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқықтанушы.

2012 жылы – "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ (Талдықорған қаласы) маманы, 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы 15 ақпанға дейін – облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, "Алматы облысы әкімінің аппараты" ММ (Талдықорған қаласы) маманы болып жұмыс істеді.

Соңғы 8 жыл ішінде "Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ, "Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Ерсін Өтебаевтың алдына қаланы дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу