Астана қаласы бойынша 18 кандидат республикалық кадр резервіне алынды

409

 Әрбір үміткер кәсіби құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін көрсетті.  

Астана қаласы бойынша 18 кандидат республикалық кадр резервіне алынды Фото: baigenews.kz

Бұл педагогтер құзыреттіліктерін бағалау үшін тестілеуден өтті. Екінші кезеңде – үш деңгейлі оқыту, үшінші кезеңде – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, төртінші кезеңде – қорытынды бағалау және қорытынды кезеңде – министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесу болды, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Республикалық кадр резервіне енгізілген кандидаттарды орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына тағайындау мәселесі қаралуда.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының басшылары болып үш үміткер тағайындалды.

№14 мектеп-гимназия директоры лауазымына Хайлитдинова Ғалия Рахматуллақызы, №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің директоры лауазымына Бейсенбина Айгүл Базарбайқызы, №62 мектеп-лицейіне Қайрат Мұқашев тағайындалды.

Кадрлық резерв үміткерлері білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ бірінші басшының бос орнына тағайындалатын болады.

Жаңа буын менеджерлері алдағы уақытта кезең-кезеңімен мектептерге және "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошақтарын кадрлық жағынан қамтамасыз ету мәселесін шешуге жәрдемдеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу