Бұған дейін ол Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" бас дәрігері қызметінде болған. 1992 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2007 жылы "Қаржы" мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтаған. Медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек тәжірибесін Алматы облысы Талғар қаласындағы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен (1992-1993) бастаған. Көптеген жылдар бойы Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Петропавл және Астана қалаларының денсаулық сақтау саласында еңбек етті.
2018 жылдың маусымы - 2022 жылдың тамызына дейін "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.