Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

1013

Субұрқақ 2017 жылдан бастап апатты жағдайда.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды Фото: Ratel.kz

Ол 2016 жылы "Күн" субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.

Құрылысты мәдениет басқармасы мемлекеттік сатып алуларсыз іске асырған. Бұның барлығы тексеру барысында анықталып отыр. Белгілі болғандай, жоба салық төлеушілердің миллиард теңгеден астам қаржысына салынған,  субұрқақтың жобалау-сметалық құжаттамасы жоқ және ол мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Тексеріс нәтижесінде анықталғандай субұрқақ сапасыз материалдардан жасалған, сондықтан ол тез істен шыққан.

Тергеу жүргізіп жатқан ҚМА мәліметтері бойынша, сол кездегі Астана мәдениет басқармасы бастығының бұған тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың  3 коммерциялық үй-жайына, 2 паркингке және премиум-класс үйіндегі пәтеріне шектеу қойылған.

Іс бойынша басқа да күдіктілер бар - бұл субұрқақ салған мердігер компаниялардың өкілдері. Барлығы олардан 500 миллион теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.

2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, "Ұлан" ұлттық гвардиясында, Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеген.

Кейін  Бейбітшілік және келісім сарайын, Астана қаласы Мәдениет басқармасын, Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасын, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармаларын басқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу