Президент Астана қаласы соттарының судьяларын тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қаласы сотының ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР Президентінің Жарлығымен Астана соттарының судьялары болып тағайындалды:
- Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Сағидолдина Нұргүл Өмірбекқызы;
- Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып Бекішева Камила Болатқызы;
- Астана қаласының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Сайдулдинова Ғалия Әмірғазықызы;
- Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Тасымбетов Сейфулла Зәкәрияұлы.
- Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Нұрбеков Диас Серікбайұлы.
- Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары болып Әбенова Айжан Шайморданқызы, Әлімбетов Айдос Сәрсенбекұлы, Есжанова Шынаргүл Енсепбайқызы, Исқалиева Асылғаным Сатыбалдықызы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу