Астана қаласының әкімдігі байқау жариялады

1101

Астана қаласының әкімдігі байқау жариялады

Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі Астана туралы үздік материал байқауын келесі номинациялар бойынша жариялайды: БАҚ баспасөздегі үздік мақала, телеарнаның үздік сюжеті және интернет ресурстағы үздік материал. Байқауға 2017 жылы жарияланған материалдар қатыса алады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Өтініштер 20 мен 26 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаздар Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтің төрағалығымен арнайы комиссия анықтайтын болады. Жеңімпаздарға қала әкімі атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.

Қызығушылық танытқан барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз жұмыстарын 7782597@inbox.ru. электронды поштасына жібере алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу