Астана қаласының әкімі Өзбекстан елшісімен кездесті

187

Кездессуде қандай маңызды мәселелер талқыланды?

Астана қаласының әкімі Өзбекстан елшісімен кездесті Фото: dunyo.info

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Өзбекстан Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі  Dunyo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Астана әкімі Өзбекстан мен Қазақстан президенттерінің саяси ерік-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынастар толық стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін баса айтты.

– Біз елдеріміздің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды және алдымызға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін барынша күш салуымыз керек, – деді Жеңіс Қасымбек.

Кездесу барысында екіжақты іс-шаралардың кестесі, атап айтқанда, Астана қаласы әкімінің Ташкентке іссапарын ұйымдастыру, Самарқанд қаласында болып өтетін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Өңір басшылары кеңесіне Астана қаласы делегациясының қатысуы және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Сонымен қатар, 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларына, Ташкент қаласы әкімшілігі мен Астана қаласының әкімшілігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған "Жол картасына" қол қоюға, Өзбекстан астанасында Астананың мәдени күндерін өткізуге назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу