Конституцияға Астана қаласының атауын өзгертуге қатысты түзету енгізілмеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Бізге Астананың атауын өзгерту туралы депутаттар тарабынан жазбаша өтініш түскен жоқ", – деді Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіров.
Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы екінші оқылымда қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу