Астана қаласының әуежайы 7,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті

276

2023 жыл қызмет көрсеткен жолаушылар саны бойынша рекордтық жыл болды.

Астана қаласының әуежайы 7,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті Фото: Азаматтық авиация комитеті

Бүгін Астана қаласының әуежайы 7,5 млн жолаушыны қарсы алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Мерейтойлық жолаушы Елордаға Алматы қаласынан "Эйр Астана" әуекомпаниясының КС853 рейсімен ұшып келді.

Әуежай үшін 2023 жыл қызмет көрсеткен жолаушылар саны бойынша рекордтық жыл болды. 2022 жылғы көрсеткіш мәнімен өсім (6 млн. жолаушы) 25% құрады.

Астана қаласының әуежайынан рейстер аптасына 500-ден астам жиілігімен 40 әуе бағытта орындалады, оның ішінде:

- ішкі рейстер бойынша аптасына 367 рейс жиілігімен 16 әуе бағытта;

- халықаралық рейстер бойынша аптасына 143 рейс жиілігімен 24 әуе бағытта орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу