Астана қаласының барлық әкімдіктерінде Ашық есік апталығы жалғасуда

812

Қала әкімдігі азаматтарды қабылдауды бір күнмен шектемеуді жөн көрді. 

Астана қаласының барлық әкімдіктерінде Ашық есік апталығы жалғасуда

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен қала бойынша Ашық есік апталығы болып жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қоғамдық денсаулық сақтау, Білім және тағы да басқа басқармалардың қатысуымен өтуде.

"Соңғы уақытта аудандық әкімдіктер мен салалық басқармалар азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қаламен ерекше мұқтаж отбасылардың деректер базасы жасалды, олардың әрқайсысының портретін түсінеміз, нақты қажеттіліктер мен проблемаларды көріп отырмыз. Бірінші кезеңде азық-түлік, көмір, мектеп керек-жарақтарымен қамтылып, ақпараттық-түсіндіру кеңестері өткізілді. Демеушілер мен еріктілер тарапынан аудан әкімдіктерінің "уақытша тұрақ" деп аталатын және жекеменшік үй құрылыстарында газ талдағыштарды орнату жөніндегі бастамасымен үлкен қолдау көрсетілді. Әрбір отбасын қолдау бойынша жеке шаралар жоспары әзірленді", – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Аудан әкімдеріне әкімдік басқармаларының басшыларымен бірге қала басшысы бұрын жарияланған "Ашық есік апталығы" аясында азаматтармен жеке кездесулерді жалғастыруды тапсырды.

Екі ай ішінде Мемлекет басшысының міндеттерін орындау, оның ішінде аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу бойынша кешенді шаралар қабылданады деп күтілуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Астанада 4 және одан да көпбала тәрбиелеп отырған 10095 отбасы тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу