Астана қаласының прокуроры тағайындалды

165

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Астана қаласының прокуроры тағайындалды Фото: Бас прокуратура

Астана қаласының прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы тамыздан Шымкент қаласының прокуроры лауазымында қызмет етті.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу