Астана қаласының статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

407

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Нұрлан Қожақов тағайындалды. Бұған дейін ол Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаментінің директоры қызметін атқарған. 

Астана қаласының статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды Фото: statgov.kz0

Қожақов Нұрлан Әкремханұлы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "Агроном" мамандығы және "Фемида" Қарағанды заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы совхоз жұмысшысы болып бастады, кейін институтта жоғары білім алып, оны бітіргеннен кейін әр түрлі өндірістік ұйымдарда экономист, маман болып жұмыс істеді.

  • 2004-2010 жылдары Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында, Ақмола облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді.
  • 2010-2016 жылдары аумақтық статистика органдарында статистика департаменті басшысының орынбасары және басшысы болды.
  • 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бөлім бастығы, кейін ҚР СЖРА Ұлттық статистика Бюросының Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаментінің директоры болып тағайындалды.
  • 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысы міндетін атқарушысының бұйрығымен ҚР СЖРА Бюроның Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу