Энергетика министрлігі бүгін Астана қаласының ЖЭО-3 үшінші қазандық агрегаты іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Бүгін, 17 қарашада Астана қаласында ЖЭО-3 салу бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде қуаты сағатына 120 Гкалл болатын кВт – 139-150 су жылыту қазандық агрегаты жоспарлы іске қосылды", - делінген хабарламада.
Өнеркәсіптік пайдалануға берілген бұл қазандық агрегаты жаңа станция беретін жылу жүктемесін 360 Гкал/сағ дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл елордадағы жылу энергиясының тапшылығын толығымен жабады.
"ЖЭО-3 құрылысының графигіне сәйкес осы жылғы 30 қарашаға қарай төртінші қазандық агрегаттарын іске қосу жопарланып отыр. Жаңадан салынған қуаттар жылу беруді сағатына 480 Гкал-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл тұрақты жылумен 4,5 млн шаршы метрге дейін тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды қамтамасыз ететін болады", - делінген хабарламада.