Астана-Қарағанды жолында жаңа жарық шағылдырғыш элементтері орнатылды

124

"Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы" автожолының 1358-шақырымындағы ақылы учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолдану арқылы эксперименттік жұмыстар жүргізілді.  

Астана-Қарағанды жолында жаңа жарық шағылдырғыш элементтері орнатылды Фото: qaj.kz

Ұзындығы 700 метр болатын учаскеде заманауи АДК-5 үлгісіндегі жарық шағылдырғыш элементтер орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ақпаратынша, аталмыш технологияларды енгізу арқылы еліміздің автожолдарында қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілмек.

Бұл элементтер жол белгілерінің түнгі уақытта және ауа райының қолайсыз жағдайларында көрінуін айтарлықтай жақсартып, жоғары жылдамдықпен жүретін жолдар үшін өте маңызды болмақ.

Шағылдырғыштың ерекшеліктерінің нәтижесінде жүргізушілер жолда тез бағдар алып, апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 1358 бен 1360 шақырым аралығындағы жол бөлігіне АК-517 "Спринтер DUO" қатайтқышымен екі компонентті бояу қолданылған жаңа жол белгісі жүргізілді.

Ол тозуға төзімділігі жоғары және асфальт жабындысымен жабысып тұру қабілеті өте жоғары, сондай-ақ қарқынды жүктемесі бар жолдарда ерекше тиімді.

Жаңа жол белгілері ұзақ уақыт бойы жолдағы жарықты сақтай отырып, күрделі пайдалану жағдайларында да жақсы көрінуді қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу