Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі екі аптаға ішінара жабылады

330

Шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі. 

Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі екі аптаға ішінара жабылады Фото: gov.kz

Астанада Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Қобда тұйығынан А-135 көшесіне дейінгі учаскеде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Астана-Қарағанда тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Осы кезеңде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Дегенмен жол толық жабылмайды – көліктер жолдың бір жағымен қатынайды.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскеде қажетті жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу