"Аstana" клубы суперлигада бақ сынайды

533

"Аstana" теннис клубы – үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының үш дүркін жеңімпазы.

 "Аstana" клубы суперлигада бақ сынайды

Үстел теннисінен еліміздегі танымал клубтардың бірі, Қазақстан ашық чемпионатының үш дүркін жеңімпазы  "Аstana" теннис клубы жеңіс тұғырына көтерілуге дайындалуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Айта кетсек, "Аstana" үстел теннисі клубы 2014 жылы Данил Пак, Дамир Абельдиновтың бастамасымен құрылған болатын. Негізгі мақсаты – суперлигада елорда намысын қорғау, жастар мен жасөспірімдерді жігерлендіру. Аталған клуб сапында Алексей Тронин, Дәулет Бекзат, Шыңғыс Қуанышев, Темірлан Ескендіров сынды білікті спортшылар  өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері Кирилл және Александр Герасименко, Әсет Бабасов, Денис Жолдуев, Самат Бейсенов, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал, тәжірибелі теннисші Николай Яновец, Марат Сүртібаев пен Асхат Ысқақов "Astana" үстел теннисі клубының намысын қорғаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу