"Астана" футбол клубының спорт директоры болып Ғани Қайназаров тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Ол футболшы ретінде Жамбыл облысының "Химик", Алматының "Қайрат", "Тараз" және Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған. Карьерасын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында, "Тараз" клубында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
Айта кетейік, бүгін "Астана" командасынан футболшылар – Серікжан Мужиков, Роман Мұртазаев, Александр Мокин кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу