Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ02 "Астана – Көкшетау (айналма жолы) – Петропавл – Ресей шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 341–473-шақырымдары аралығындағы жекелеген учаскелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба аясында 68,7 шақырым жолдың ескі асфальтбетон жабыны жонылып, осы ұзындықта тегістеуші қабат төселді. Сонымен қатар 64 шақырымға қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселіп, 60 шақырымда жол жиектері нығайтылды.
Қазіргі уақытта жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
Орташа жөндеу жол жабынының сапасын жақсартуға, автожолдың пайдалану мерзімін ұзартуға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.