Ауа райының қолайсыздығы және Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауда.
2024 жылғы 12 қазанда "Астана-Көкшетау-Астана" бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу