Астана көлік кептелісімен қалай күрес күресіп жатқаны айтылды

85

Елордада 437 мың автокөлік тіркелген.  

Астана көлік кептелісімен қалай күрес күресіп жатқаны айтылды Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Күн сайын Астанаға 90 мыңға жуық транзиттік көлік кіреді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада 437 мың автокөлік тіркелген. 

"Күн сайын қалаға 90 мыңға жуық транзиттік көлік кіреді. Соның салдарынан қарбалас кезінде Есіл және Нұра аудандарында, әсіресе көпірлерге кіреберістерде, сондай-ақ Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдарында, Сарайшық, Қонаев және Достық көшелерінде жол-көлік желісіне түсетін жүктеме айтарлықтай артып отыр. Бұл мәселені шешу үшін әкімдік жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға арналған егжей-тегжейлі Жол картасын әзірледі. Ол Көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы аясында іске асырылып, қысқа және ұзақ мерзімді шараларды қамтиды", – деді Жеңіс Қасымбек.

Шаһар басшысы қазірдің өзінде қысқа мерзімді бірқатар шаралар қабылданып, оң нәтиже бергенін жеткізді. Атап айтқанда, Есіл және Нұра аудандарында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жұмыс кестесі өзгертілді. 

"Бұл кесте қазан айынан бастап толық көлемде енгізіліп, таңертеңгі және күндізгі уақыттағы көлік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде қарбалас сағаттарда қозғалыс жылдамдығы 10-15%-ға артты, бұл жолдардың өткізу қабілетінің артқанын көрсетеді. Негізгі магистральдардағы жүктеме 5-10%-ға төмендеді. Мысалы, қыркүйек айының басында таңертеңгі қарбалас уақытта Мәңгілік Ел даңғылымен сағатына 4 152 автокөлік өтсе, жұмыс кестесі өзгергеннен кейін бұл көрсеткіш 4 420 көлікке дейін өсті. Ал орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 2 километрге артып, 18 км/сағ-тан 20 км/сағ-қа жетті.

Алайда кешкі уақытта, әсіресе негізгі шығу жолдары мен көпірлерде көлік кептелісі әлі де сақталып отыр. Кешкі қарбалас уақытында қозғалыс жылдамдығы өзгеріссіз қалды, ал көлік ағыны небәрі 4%-ға ғана артты", – деді Астана қаласының әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу