Жыл соңына дейін елордадағы көлік жолдары тағы 10 мың бейне камерамен жабдықталмақ. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Олардың 6 мыңы көше қиылысында, 4000 мыңы қоғамдық орындарда тәулік бойы жұмыс істейді. Негізгі міндеті көліктердің нөмірлері мен жылдамдығын анықтап, автобус жолақтарымен жүрген автомобильдердің тәртіп бұзушылықтарын тіркеу. Басты ерекшелігі аталған қондырғылар толықтай елде жасалған отандық өнім болып табылады. Жеке инвесорлардың тарапынан қаржыландырылатын жобаға жалпы құны 8,4 млрд теңге қаржы құйылған. Ал оның қайтарымы жол ережесін бұзғандардың айыппұлдарынан өндірілмек. Айта кетейік, ағымдағы маусым айында Астанада 3000 бейне камера пилоттық режимде іске қосылған болатын.
Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары: "Ол біріншіден ыңғайлы, екіншіден ол осы Қазақстандық осы айти салассында барлық жұмыс істейтін компанияларға немесе жеке кәсіпкерлерге жаңа жобаларды жасауға ынта береді және жақсы мысал болып келеді"