Бүгінгі күні Астана қаласында кондоминиум нысанын тіркеу көрсеткіші 94% құрап отыр. Осылайша республика өңірлері арасында елорда бірінші орында. Кондоминиум нысанын тіркеу арқылы меншік иесі өзінің мүлкін толық қолдануына мүмкіндік бар, сондай-ақ өз үйін басқарудың кез келген түрін пайдалана алады, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Бұл туралы тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әлихан Қуатбеков Астанада ПИК қызметін жетілдіру сұрақтары бойынша тұрақты комиссияның отырысында айтты.
2013-2016 жылдар аралығында 537 тұрғын ғимараттарына техникалық тексеріс жүргізілген. Оның ішінде 372 апатты деп танылып, 2017 жылы бірінші кезеңде 228 нысан сүрілетін болады.
16 сайлау округінің депутаты Ирина Манжанова сайлушылардан ПИК-ке кондоминиумдарды беру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын сұрады. Депутаттың сөзінше, тұрғындар тарапынан өз үйінің жертөлесі мен техникалық бөлмелеріне кіре алмай жүргендігі туралы шағым көп. Себебі олар салушының атына рәсімделген
- Бүгінгі таңда Заңымызда салушы кондоминиумды тіркеу барысында иесі бола алады делінген. Алайда жаңа пәтерлерге екі тұрғын қоныстанғанда кондоминуим тіркелу керек, - дейді Әлихан Қуатбеков.
Қазір астаналық тұрғын үй инспекциясы басқармасы 1950 жылдан 2000 жыл аралығына дейінгі техникалық зерттеуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлер тізімі жасалған. 1416 көп қабатты үй бар, жалпы аумағы 3 млн. 120 мың ш.м