19 ақпан күні 16:00-де республикалық Астана-Қорғалжын қорығы (170 шақырым) жолында қар құрсауында қалған 20 жеңіл көлік пен 30-дан астам адамды эвакуациялау түнгі бірде аяқталды. Бұл туралы inform.kz тілшісіне ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, 19 ақпан күні сағат 16:00-де қар құсауында қалғандар көмек сұраған. Ақпарат тез арада Қорғалжын ауданының әкімі мен орынбасарына хабарланды. Техникалар тұрып қалған жерге "Газ-66 Вахтовка" мен күреуіші бар фронтальды жүк тиегіш көлігі аттанды. Қазір қар құрсауынан құтқарылғандар барлығы белгіленген жеріне жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу