Астана көрінісі туристер үшін аздап қызықсыз – шетел сарапшысы

404

Шетелдік сарапшылар жағымсыз пікірлерін ортаға тастады.

Астана көрінісі туристер үшін аздап қызықсыз – шетел сарапшысы Фото: inbusiness.kz

Елордаға бірінші рет өкшесі тиген мүйізі қарағайдай мамандар "бас қаланың келбеті туристерге тартымсыздау" деген тоқтамға келіпті. Бір қызығы, олармен отандық архитекторлар да келісіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Олар "мемлекет "бизнестің жағдайын жасаймыз" деген желеумен құрылыстың талаптарын жеңілдетіп тастағанын айтады. Салдарынан құжатсыз, яки заңсыз салынып жатқан нысандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.

"Бүгін Астананың жеке медициналық орталықтарын аралаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұған дейін опера балет театрына бардық. Өте әдемі салынған. Астанада Ханшатыр деп аталатын ойын сауық орталығы бар екен. Біздің қалада да сондай нысан тұрғызылса ғой деп сүйсініп қалдым", - дейді Қырғызстан медициналық туризм қауымдастығының президенті Айбек Таланов.

"Астанада дәмханалар көп екен. Ағаш отырығызылған аудандар да көбейген. Бірақ салынып жатқан үйлердің тұрпаты бірдей. Бұл қызықсыз. Әрі Астана жаяу жүргіншілерге арналған қала емес деген пікірмен келісемін. Бірақ ол олқылықтың орнын толтыратындай мүмкіндік мол. Жер жетеді", - деді Steppe Global Education білім беру орталығының басшысы Джоэл Эриксон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу