Елорда көшелеріндегі суды сорғымен тазалау үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеп жатыр.
Elorda eco system ұйымы жер үсті ағынын бұру мақсатында коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысы және т.б. жұмысты атқарып жатыр.
"Бұл жұмыс 200-ден астам проблемалық учаскеде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын. Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында", - дейді әкімдіктен.
Биыл жерүсті су ағынын бұру үшін 2,5 км нөсер кәрізінің магистральды желілерін салу жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу