Астанада толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін тағы да су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаздың алғашқы аптасында елордада бұршақ жауып, соңы толассыз жаңбырға ұласты. Су деңгейі жол жиегіне шығып кеткендіктен, жүргізушілер жолды көре алмай әлек.
Жауын қосымша қиындықтар туғызбау үшін қаланың коммуналды қызметі қатты жауған жаңбырдың салдырын жедел түрде жоюда.
Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін еліміздің солтүстік өңірлерінде бұршақ жауып, соңы жаңбырға ұласады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу