Астана көшелерінде автожарыс ұйымдастырғандар жазаланды

105

Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған.

Астана көшелерінде автожарыс ұйымдастырғандар жазаланды Фото: rte.ie

Оқиға Салық Зиманов көшесінде болған. Құқық бұзушылар – Skoda автокөлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші және Toyota Highlander мінген екі жүргізуші: біреуі кәмелетке толмаған, екіншісі 33 жастағы ер адам, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейнежазбада көліктердің жолдың толық енін алып, қатарынан қозғалып, бір-бірімен жарыса жүргені көрінеді. Ал болып жатқан жағдайды тағы бір ер адам телефонға түсіріп тұрған.

– Барлық қатысушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның заңды өкілі көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру, тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау, сондай-ақ жасөспірімнің тұрғын үйден ересектердің қарауынсыз тыс жерде болуы бойынша жауапкершілікке тартылды. Барлық көліктер коммуналдық тұраққа қойылды, – деп хабарлады полиция.

Жыл басынан бері Астанада апатты жағдай туғызғаны үшін шамамен 1800 жүргізуші жауапқа тартылса, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 3000-ға жуық жүргізуші жазаланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу